in

"Бұдан әрі кешіктіруге болмайды": Бектенов Stadler вагондарын елге қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды

Бүгін үкімет отырысында Олжас Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылар шағымына жауап беріп, қысқа мерзімде Stadler компаниясының жаңа вагондарын іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды astana24.com үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар вагондарының жай-күйі туралы халық жиі шағымданады. Осыған байланысты премьер-министр қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып, Stadler компаниясының жаңа вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

"Жолаушылардан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде. Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Өнеркәсіп министрлігі "Қазақстан темір жолы" және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр осы жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуын қамтамасыз етуді және биылғы 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша бес жылдық бағдарламаны бекітуді тапсырды.