Энергетика министрі Ерлан Аккенженов үкімет отырысында ЖЭО-лардың көмір мен газ үшін қарызын азайту үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды astana24.com.
Ерлан Ақкенженов дебиторлық берешекті азайту бойынша арнайы комиссия құрылғанын еске салды.
"Бүгінгі таңда жалпы берешек 11 пайыз төмендеп, 72 млрд теңге болып отыр", – деді ол.
Оның айтуынша, берешекті өтеу кестелері бекітілген. Сондай-ақ жыл соңына дейін әкімдіктер энергокөздерге дебиторлық берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдайды.
