Черногория үкіметі Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді, деп хабарлайды ҚР СІМ-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Ведомствоның мәліметінше, ел тұрғындары 1 мамырдан бастап Черногорияға виза рәсімдемей-ақ кіре алады.
"Қазақстандықтар ағымдағы жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады", – делінген хабарламада.
Министрлік ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет екенін еске салды.
