in

Жұмада еліміздің үш мегаполисінде де өткінші жаңбыр күтіледі

Астана, Алматы мен Шымкентте 19 маусымда ауа райы қандай болады? Күн райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с болмақ.

Синоптиктер Астанада да өткінші жаңбыр жауады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін жетіп, түнде 19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,0 м/с болады.

Шымкентте өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 34 градусқа дейін жетіп, түнде 19 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с деңгейінде болмақ.