in

Күштік құрылым басшыларының фотосуреттерін пайдаланады: ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті, деп хабарлайды astana24.com.

Ведомствоның мәліметінше, кейінгі уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары кездесуде.

"Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды", – делінген хабарламада.

ІІМ алаяқтардан сақтану үшін мынадай кеңестер береді:

"Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер", – деп ескертеді ІІМ өкілдері.