Петропавлда кәріз құдығының жанынан әйелдің мәйіті табылды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды СҚО ПД-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 тамызда Петропавл қаласындағы Тәуфик Мұхамед-Рахимов көшесіндегі кәріз құдығының жанынан әйелдің мәйіті табылған.
"Әзірге қайтыс болған адамның жеке басы анықталған жоқ", – деп мәлімдеді СҚО ПД-ның баспасөз қызметі.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
