Қазақстандықтар қоғамдық орындарда тегін интернетті жиі пайдаланады. Алайда кейде адамдар жалған желіге тап болып, ақшасынан айырылуы мүмкін. Мұндай жағдайдан қалай сақтану керегін astana24.com материалынан оқыңыздар.
Сауда-ойын-сауық орталықтары, саябақтар, стадиондар, фестивальдер мен концерттер сынды көпшілік жиналатын орындарда қазақстандықтарға тегін Wi-Fi ұсынылуы мүмкін. Бұл келушілерге ыңғайлы болу үшін жасалғанымен, мұндай қызмет әрдайым қауіпсіз бола бермейді.
Кейде алаяқтар жалған желі құрып, деректерді ұрлауға немесе пайдаланушылардың құрылғыларына қол жеткізуге тырысады. Мұндай тәуекелдерден қалай қорғану керектігі туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-дағы арнасы хабарлады.
Қаржылық операцияларды тек мобильді желіге қосылған кезде жүргізіңіз
Алаяқтық схема қазақстандықтардың СОО немесе басқа да мекемелердің атынан құрылған жалған Wi-Fi желісіне қосылып, зиян келтіретін қосымшаны жүктеп алуына немесе жеке және банк деректерін енгізуіне негізделген.
Әдетте мұндай жалған қосылымдардың атауы түпнұсқаға ұқсас болады. Сондықтан ең алдымен желінің шынайылығына көз жеткізу қажет. Ол үшін мекеме қызметкерінен желінің нақты атауын сұрап білуге болады.
Егер оны анықтау мүмкін болмаса, кез келген тегін Wi-Fi нүктесіне қосылған кезде бірнеше қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды:
Қауіп Wi-Fi-дан ғана емес
Сондай-ақ дереккөз кибершабуылдар қазақстандықтардың құрылғыларына интернет арқылы ғана емес, басқа да сымсыз желілер арқылы жетуі мүмкін екені еске салады. Мысалы алаяқтар зиянды файлдарды AirDrop немесе Bluetooth арқылы жібере алады.
Сондықтан белгісіз дереккөзден келетін сұраныстарды қабылдамауға кеңес беріледі. Ал браузер арқылы сайттарға кірген кезде HTTPS қорғалған қосылымы жоқ беттерге өтпеу және күдікті сілтемелерді ашпау маңызды – бұл зиянды қосымшаның орнатылуына немесе алаяқтардың әлеуметтік желідегі аккаунттарға қол жеткізуіне әкелуі мүмкін.
Осылайша аталған ережелер қазақстандықтарға қоғамдық Wi-Fi желілерін және басқа да сымсыз желіні пайдалану кезінде ақшадан айырылып қалмауға көмектеседі.
