Талдықорғанда үйінің карнизінен жылан көрген тұрғын құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды astana24.com ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, Талдықорған қаласындағы 3-бөлімше аумағында жеке тұрғын үйдің карнизіне жылан өрмелеп шығып алған. Хабарлама түскеннен кейін құтқарушылар жедел оқиға орнына барды.
ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен жыланды қауіпсіз түрде ұстап, табиғи мекен ету ортасына жіберді.
ТЖМ өкілдері жабайы жануарлар мен жорғалаушыларды кездестірген жағдайда оларға жақындамауға және құтқарушыларға хабарласуға кеңес береді.
