in

Қар аралас жаңбыр және көктайғақ: 8 қарашада елімізде ауа райы күрт бұзылады

Қазақстанның кей өңірлерінде 8 қарашада қатты жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Сондай-ақ бірқатар өңірде қатты жел күтіледі және жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды astana24.com.

Жексенбі, 8 қарашада Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады. "Қазгидромет" Астана, Алматы және елдің 17 облысына ескерту жариялады.

Астанада күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта жауын үдей түседі. Түнде және таңертең тұман күтіледі, ал күндіз желдің екпіні секундына 15 метрге жетуі мүмкін.

Ақмола облысында жауын-шашын түседі, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, ал батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей уақытта қатты жауын-шашын болады. Синоптиктер көктайғақ пен тұман түсетінін де ескертеді. Күндіз оңтүстікте және шығыста жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Осындай ауа райы Көкшетауда да болжанады.

Алматыда өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні кей уақытта секундына 15–20 метрге жетеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Оңтүстікте, шығыста және таулы аймақтарда жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында да қатты жел соғуы ықтимал.

Елдің батысында жауын-шашын көктайғақпен ұштасады. Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Оралда да осындай жағдай болады деп болжанады.

Атырау облысының шығысында кей уақытта қар аралас жаңбыр жауады. Батыста және оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, ал оңтүстік пен шығыста жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Солтүстік-батыста өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында түнде де, күндіз де қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады. Батыста және оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі, ал оңтүстік пен шығыста күндіз қатты жауын-шашын түсуі мүмкін. Батыс және солтүстік аудандарда тұман түсуі ықтимал.

Павлодар облысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Облыс орталығында да осындай ауа райы күтіледі.

Синоптиктер әсіресе Абай облысында қатты жел соғады деп болжап отыр. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында оның жылдамдығы секундына 15–20 метр болады, ал екпіні секундына 23–28 метрге жетуі мүмкін. Шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Семейде жел екпіні секундына 15–20 метрді құрайды. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең таулы аудандарында жаңбыр, қар және көктайғақ болады. Шығыста тұман түседі деп болжанады. Жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде екпіні секундына 23–28 метрге жетеді. Өскеменде жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді деп күтіледі.

Қызылорда облысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстікте жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада да тұман түседі деп күтіледі, мұнда төтенше өрт қаупі болжанады.

Ұлытау облысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз шығыста жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Жезқазғанда да тұман күтіледі.

Жеке ескерту Жетісу облысына да қатысты. Алакөл көлдері ауданында жел екпіні секундына 23–28 метрге, ал кей уақытта секундына 30 метрге және одан да көп болуы мүмкін.

Қарағанды облысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз батыста және орталықта жел екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Өңірдің батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда да тұман түседі деп болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, жел жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетежі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі сақталады. Таразда дa осындай жағдай күтілуде.

Түркістан облысында түнде және таңертең тауда тұман түседі. Күндіз батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өңірдің солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді деп күтіледі.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, батыста және орталықта кей жерлерде үдей түседі. Сондай-ақ сол жерлерде жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ақтауда түнде жаңбыр қатты жаууы мүмкін, ал күндіз жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Елдің солтүстігінде де жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыста, шығыста және оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, солтүстікте аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі деп болжанады. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр мен қар, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысында түнде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын жалғасады, ал орталықта кей уақытта үдей түседі. Солтүстік пен шығыста да көктайғақ күтіледі. Өңірдің шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр, қар және көктайғақ болады деп болжанады.