Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінің жанында қазылған шұңқырға бүлдіршін құлап түсті. Құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды astana24.com өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Чайкина көшесінде тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды.
Баланы әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)
