in

БРИКС саммитіне қатысу үшін барған Тоқаевты Нью-Делиде қалай қарсы алды (фото)

Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан президентін Үндістан үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.