Ертең, 16 маусымда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктер Алматы, Жетісу, Ұлытау және бірнеше өңірде күн қатты ыситынын ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Алматы облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматыда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 17 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаевта күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі
Жетісу облысының батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт каупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
