Шетел азаматтары үшін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына кіру билетінің бағасы өзгерді, деп хабарлайды "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына сілтеме жасаған astana24.com.
Қорық әкімшілігінің хабарлауынша, бағалар тізбесін Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен.
Оған сәйкес, 2026 жылғы 10 маусымынан бастап Қ.А.Ясауи кесенесі аймағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру билеттерінің құны алыс шетел азаматтары үшін 5000 теңге, жақын шетел (ТМД) азаматтары үшін 2000 теңге болып бекітілген.
Қазақстан азаматтары үшін билет бағасы бұрынғы қалпында сақталады.
Алайда оқушыларға қазіргідей демалыс кезеңінде кіру тегін.
