in

Венесуэлада жер сілкінісінен кейін 70 сағат өткен соң үйінді астынан 11 жастағы бала құтқарылды (видео)

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін үш күнге жуық уақыт өткен соң қиранды астынан 11 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды astana24.com Колумбия Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Колумбия Қорғаныс министрлігі баланың құтқарылғаны туралы жаңалықты әлеуметтік Х желісінде жариялады. Жазбада колумбиялық құтқарушылар Венесуэладағы іздестіру-құтқару операциясына қатысып жатқаны атап өтілді.

"Бұл – ғажайып! Моисес аман-есен табылды. Колумбиядан келген USAR COL-1 тобының қирандылар астындағы 70 сағат жұмысының арқасында 11 жасар Моисес құтқарылды, бұл бізге үміт сыйлайды және аман қалғандарды іздеуге деген сенімімізді нығайтады", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік. Әлеуметтік желіден көптеген ғимараттың қирағаны хабарланды, оқиғ орнынан кадрлар жарияланды. Кейін елде төтенше жағдай жарияланды.

¡Es un milagro! Moisés fue rescatado con vida.

Tras 70 horas bajo los escombros, el equipo USAR COL-1 logró rescatar con vida a Moisés, de 11 años, en una operación que llena de esperanza y fortalece la misión de seguir buscando sobrevivientes.

Reconocemos el compromiso y la… pic.twitter.com/gEENoQPtfi— Mindefensa (@mindefensa) June 27, 2026