in

Гвинеяда қатты нөсерден қоқыс үйіндісі опырылып түсті: ондаған адам қаза тапты (видео)

Гвинея астанасында қатты нөсер салдарынан қайғылы оқиға болды. Ондаған адам үйінді астында қалып, қаза тапты, тағы 22 адам жарақат алды. Бұл туралы astana24.com РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Конакри қаласының Гбессиа ауданындағы Дар-эс-Салам кварталында орналасқан қоқыс полигоны опырылып түсті.

Ел үкіметінің мәліметінше, оқиға түнгі нөсерден кейін сағат 02:00 шамасында (Астана уақытымен 01:00) болған.

Un deslizamiento en el vertedero de Dar-es-Salam en las afueras de Conakry, la capital de Guinea, mató a 30 personas y dejó a otras 22 heridas, de acuerdo con un comunicado emitido por el Gobierno de #Guinea.

"Desde las primeras horas, se han movilizado cuantiosos recursos… pic.twitter.com/jxnZSByLnH— David de la Paz 戴维 (@daviddelapaz) August 23, 2026

"Қоқыс үйіндісінің опырылуы салдарынан бірнеше үй қирады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 адам қаза тапты. Тағы алты адам ауыр жарақат алса, 16 адам жеңіл жарақат алды", – делінген үкімет хабарламасында.

Residentes y equipos de rescate trabajan con excavadoras para localizar más víctimas entre los escombros tras el deslizamiento de tierra que dejó un saldo de al menos 30 personas muertas y 22 heridas en el vertedero Dar-es-Salam, en Conakry, Guinea.

Video: Reuters pic.twitter.com/isx8LwF64j— NMás (@nmas) August 24, 2026

Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.