Францияның Денсаулық сақтау министрлігі биыл жаздағы аптап ыстықтан көз жұмғандар санын есептеді. Бұл туралы порталы BFMTV-ға сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Франция денсаулық сақтау министрі Стефани Рист шілде айының соңына дейін елде бірнеше рет қайталанған аптап ыстыққа байланысты 7 мыңнан астам өлім тіркелгенін мәлімдеді.
"Біз үш ай бойы аптап ыстықтан зардап шегіп келеміз. Бұдан бірнеше қорытынды жасауға болады: денсаулық сақтау жүйесі төтеп беруде, бірақ шілде айының соңына қарай бізде 7 мың адамның артық өлімі тіркелді", – деді ол телеарна эфирінде.
Рист аптап ыстықтың құрбандары негізінен ірі қалаларда тұратын жалғызбасты адамдар екенін атап өтті.
Сондай-ақ министр қалыптасқан жағдайға қарамастан, Франциядағы аномальды ауа райынан болған өлім көрсеткіші Германияға қарағанда төмен екенін қосты.
