Непалда құтқарушылар 4 858 адамды іздеуді жалғастыруда. Тағы 6 541 тұрғын қауіпті аумақтардан қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды The Kathmandu Post-қа сілтеме жасаған BAQ.KZ.
Непал полициясы 1 127 адамның қаза тапқанын растады. Читванда – 348, шығыс Навалпарасиде – 217, батыс Навалпарасиде – 190 және Нувакотта – 155 мүрде табылды. Тағы қаза тапқандардың 9-ы көршілес Үндістан аумағынан анықталды.
Мамандар 1 113 мәйіттің қажетті рәсімдерін аяқтап, 95 қаза тапқан адамның туыстарына денелерін тапсырды. Отбасыларына жақындарын табуға көмектесу үшін жеке басы әлі анықталмаған 911 адам туралы ақпарат полиция сайтына орналастырылды.
Іздеу-құтқару операциясына 7 912 полицей жұмылдырылды. Олар отбасыларды қауіпті аймақтардан эвакуациялап, көмек жеткізіп, үйінділер астында қалған жолдарды тазартып, хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуде.
Су тасқыны Бхотекоши өзеніне құлаған мұзды-тасты көшкін салдарынан болған. Су, балшық және үйінді ағындары елді мекендерді, жолдарды және шекара маңындағы сауда нысандарын қиратты. Сондай-ақ Непалдың бірнеше ауданындағы гидроэлектр станциялары зардап шекті.
