Бүгін, 3 қыркүйекте Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметінде қалғаны белгілі болды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып, astana24.com хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Өмірбаяны
Қорғаныс министрлігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.
Мансабы
Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш; Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі; Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі; Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы; Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы;
2022 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қыркүйек – Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы
2024 жылғы қыркүйек-2025 жылғы маусым – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.
Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).
Тілді меңгеруі: қазақ, орыс.
Марапаттары: I және II дәрежелі "Даңқ", II дәрежелі "Айбын" ордендері, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі, мерейтойлық медальдар.
