Қытайда селден кейін жоғалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаза тапқандар саны 43-ке жетті. Тағы 519 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды astana24.com "Синьхуаға" сілтеме жасап
Қытайдың Сицзан автономиялық ауданындағы Гьиронг бақылау-өткізу пункті аумағында іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.
Төтенше жағдайларда жедел әрекет ету жөніндегі жергілікті штаб хабарлағандай, хабар-ошарсыз кеткендердің арасында 23 елден келген 261 шетел азаматы бар.
Бұл деректер қытайлық және шетелдік журналистерге арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Гьиронг бақылау-өткізу пункті маңындағы апат аймағына да барды.
"Құтқару жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 500-ден астам техника жұмылдырылды. Ұшқышсыз ұшу аппараты мыңнан аса рет көкке көтеріліп, әуеден 5,43 тонна жүк түсірілді", – делінген штаб хабарламасында.
Гьиронг уезінің билігі өз аумағында қалып қойған Непалдың шекаралас аймақтарының 1720 тұрғынына көмек көрсетті.
Torrential Rain Triggers Deadly Mudslide in China, Rescue Operation Underway#China #landslide #heavyrain #rainfall #RescueOperation #NaturalDisaster #DailySun pic.twitter.com/v6D7LuuLvg— Daily Sun (@dailysunbd) September 6, 2026
