Bloomberg агенттігі Billionaires Index атты миллиардерлер индексін жаңартып, Азияның ең бай адамы кім екенін жария етті, деп хабарлайды astana24.com РБК-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметі бойынша, Азиядағы ең бай адам — Гаутам Адани. Гаутам — үндістандық Adani Group конгломератының негізін қалаушы әрі төрағасы. Соңғы мәліметтер бойынша оның капиталы 92,6 миллиард долларға дейін өсті, ол әлем бойынша ең бай адамдар тізімінде 19-орынға жайғасты.
Тағы бір үндістандық бизнесмен, Reliance Industries компаниясының бас директоры Мукеш Амбани Азиядағы екінші ең бай адам атанды. Амбанидің капиталы 90,8 миллиард долларды құрап отыр, осылайша ол әлемдегі бақуатты адамдар тізімінде 20-орынға тұрақтады.
Азиядағы ең дәулетті үш адамның тізімін ByteDance компаниясының негізін қалаушы Чжан Имин тұйықтады. Оның капиталы 68,7 миллиард долларға жеткен.
Ал әлемдегі ең бай үш адам:
Әлемдегі ең бай адамдардың арасында ең үлкен құлдырауға тап болған кәсіпкер — LVMH компаниясының бас директоры Бернар Арно, оның капиталы 44 миллиард долларға азайды.
