АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылшаның таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Тиісті жарлыққа штат губернаторы Кэти Хокул Нью-Йорк қол қойды, деп хабарлайды штат үкіметінің сайтында жарияланған мәлімдемеге сілтеме жасаған astana24.com.
Нью-Йорк штатының билігі қызылша инфекцияның таралуына қарсы шараларды күшейтті.
Губернатор жарлығы вакцинация жүргізе алатын мамандар тізімін кеңейтеді. Оған парамедиктер, шұғыл медициналық көмек мамандары, фармацевтер мен акушерлер енгізілді. Мейірбикелерге дәрігерлермен қатар қызылшаға тест тағайындауға рұқсат берілді.
"Нью-Йорк штатындағы қызылша жағдайлары туралы соңғы деректерді зерделегеннен кейін, мен осы аурумен күресу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарымызды күшейту мақсатында төтенше жағдай жариялаймын", – деді Хокул.
Штатта қызылша жұқтырудың 108 расталған жағдайы тіркелгені атап өтіледі: оның жетісі – Нью-Йорк қаласында, ал 101-і – басқа аудандарда.
Денсаулық сақтау департаментінің комиссары Джеймс Макдональд тұрғындарды екпе мәртебесін тексеруге шақырды.
"Қызылша, паротит және қызамыққа қарсы вакцина – ең сенімді қорғаныс, ол ұсынылған дозаларды алған адамдардың барлығын дерлік аурудан сақтайды", – деді ол.
