Новосибирск – Махачкала бағыты бойынша ұшып бара жатқан S7 әуекомпаниясының ұшағы Қазақстан әуе кеңістігінде "7700" дабыл белгісін берді, деп хабарлайды astana24.com ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
ТАСС мәліметінше, Flightradar сервисінің деректері бойынша S7 7099 рейсін орындап келе жатқан әуе кемесі Көкшетау маңында кері бұрылған.
S7 әуекомпаниясының баспасөз қызметі РБК-ға техникалық ақауға байланысты Новосибирск – Махачкала рейсінің экипажы Омбыдағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Ұшақ қонуға дайындалуда.
