in

Италия мектептерінде бурқа мен ниқаб киюге тыйым салынбақ

Италия мектептерінде бурқа мен ниқаб киюге тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони елдің Министрлер кеңесі мектептерде бурқа мен ниқаб киюге тыйым салатын, сондай-ақ сыныптардағы шетелдік оқушылардың санын шектейтін заң жобасын қарайтынын мәлімдеді.

Ол италиялық балалар сыныпта өздерін азшылық ретінде сезінбеуі тиіс екенін атап өтті.

Мелонидің айтуынша, тағы бір шара – бір сыныптағы шетелдік оқушылардың шекті санын бекіту болмақ.

Италия үкіметінің басшысы итальян тілін білмейтін балалар "тым көп" болса, интеграцияның тиімділігі жойылатынын айтты.