in

Кипр жағалауында паром аударылды: жолаушылар арасында қазақстандықтар бар ма

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Кипр жағалауында аударылған паромда қазақстандықтардың бар-жоғы туралы алдын ала ақпарат берді, деп хабарлайды astana24.com Kazinform-ге сілтеме жасап.

Агенттіктің алдын ала деректерге сүйеніп хабарлауынша, апатқа ұшыраған паромда Қазақстан азаматтары болмаған.

"Қазақстан дипломаттары ақпаратты тексеруді жалғастырады", – деп мәлімдеді сыртқы саяси ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, кеше Солтүстік Кипр жағалауында жолаушылар мінген паром суға батқаны хабарланды. Кемеде 279 жолаушы болған, қаза тапқандар бар екені белгілі.