Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай президент Шавкат Мирзиеевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент ұлттың ынтымақ-бірлігін, орнықты даму мен ілгерілеу жолындағы нық қадамын айшықтайтын бұл мереке өзбек халқының мерейін асқақтата түсетінін атап өтті.
"Қазақстан халқы бауырлас Өзбекстанның жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз ғасырлардан тамыр тартатын достықты, тату көршілік пен халықтарымыздың арасындағы өзара қолдауды жоғары бағалаймыз.
Сан қырлы ынтымақтастығымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына сай бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді.
Бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру табыстарымызды еселеп, елдеріміздің игілігі жолында қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа биікке бастайтынына сенімдімін",- деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.
