Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға барды. Бұл туралы astana24.com Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шақырған. Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.
Қазақстан президентін "Манас" әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
