in

Тоқаев жаңа қызметке тағайындалған Аида Балаеваға бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.

"️Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады", – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жаңа жарлыққа қол қойды. Ол Аида Балаеваны еліміздің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады.