in

Польшадағы оқу орнына шабуыл жасалды: зардап шеккендер бар

Польшаның Остроленка қаласындағы оқу орнына шабуыл жасалды. Салдарынан 7 адам зардап шекті. Олардың қатарында оқушылар мен мұғалім бар. Бұл туралы "Известия" басылымы хабарлады, деп жазады astana24.com.

Басылым Fakty RMF FM радиостанциясының жарияланымына сүйене отырып, оқиға 7 қазанда болғанын жазады.

"Сәрсенбіде Остроленкадағы кәсіптік училищелер кешенінде пышақпен шабуыл жасалды", – делінген жарияланымда.

Зардап шеккендердің арасында мектеп оқушылары мен мұғалім бар екені, олардың екеуі ауыр жарақат алғаны хабарланды. Шабуыл жасады деген күдікпен 19 жастағы оқушы ұсталған.