in

Ресейлік әскери ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар (видео)

Ресейдің Амур облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады: алты адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасаған astana24.com

SHOT Telegram-арнасының дерегінше, әскери ұшақ Красноярово ауылының маңына құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта жеті адам болған. Бастапқыда олардың үшеуі қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді.

Кейінірек Mash басылымы қаза тапқандар саны алтыға жеткенін жазды – кейбір әскери қызметкер ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Ұшақ Ту-95 және әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минуттан соң құлаған деген ақпарат бар. Құлағаннан кейін көлік ұшағының бактары жарылып, әуе кемесі өртенген деген болжам айтылып отыр.

Қорғаныс министрлігі РИА Новости басылымына пікір білдіріп, ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырағанын нақтылады. Оның бортында оқ-дәрі болмаған және адам тұрмайтын жерге құлаған.

Ведомство өкілдері экипаждың алты мүшесі қаза тауып, біреуі жарақат алғанын растады.