Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың мектепте смартфон қолдану ережелерін айқындайтын бұйрық қабылдады. Телефонды тек мұғалімнің рұқсатымен ғана пайдалануға болады, деп хабарлайды astana24.com.
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында орта білім беру ұйымдарында телефон қолданудың ережесі жазылған Оқу-ағарту министрінің бұйрығы жарияланды.
Қай кезде телефон қолдануға рұқсат етіледі
Құжатқа сәйкес, сабақ кезінде ұялы байланыс абоненттік құрылғысы қолданылмайды, алайда:
Бұйрықта сабақ басталғанға дейін білім алушы телефонды дыбыссыз режимге қойып, вибрация мен дыбыстық сигналдарды өшіруі немесе оны толығымен сөндіруге тиіс екені жазылған.
Сонымен қатар мектепте ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын қою үшін арнайы жабдықталған орындар айқындауға болады.
Сабақ кезінде телефон қажет болса
Бұйрықта оқу мақсатында ұялы байланыс абоненттік құрылғысын пайдалану кезінде педагогтің міндеттері көрсетілген:
Ал оқушы смартфонды тек педагог айқындаған оқу тапсырмасын орындау үшін ғана пайдалануға тиіс. Телефонда фото, аудио және видео жазу функцияларын пайдалануға да тек педагогтің нұсқауы бойынша ғана рұқсат етіледі.
Айта кетейік, министрдің бұйрығы 9 қазанда күшіне енеді.
