in

1 градусқа дейін төмендейді: бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн райы қандай болады

29 қыркүйекте Астана, Алматы мен Шымкентте күн қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Мтеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +21 градусқа дейін көтеріліп, түнде +8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,5 м/с.

Астанада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +17 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,8 м/с.

Шымкентте бүгін күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағанасы +26 градусқа дейін көтеріліп, түнде +11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 3,8 м/с.