in

Тоқаев Германияға барды: ел президентін қалай күтіп алды (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.

Бұдан бөлек мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.