in

Түркияда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: 11 адам қаза тапты

Түркияның батысындағы Маниса провинциясында туристер мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 11 адам көз жұмды. Бұл туралы astana24.com Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қазанда Акхисар қаласы маңындағы автомагистраль тұсында болды. Автобус Бурсадан Измир бағытына қарай келе жатып, жүк көлігімен соқтығысқан.

Түркияның денсаулық сақтау министрінің тың мәліметі бойынша, 11 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуінің жағдайы ауыр, 18 адамның жағдайы орташа деп бағалануда.

Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін, алайда апаттың ресми себебі әзірге анықталған жоқ. Прокуратура апаттың мән-жайы бойынша тергеуді бастады.