in

Әзербайжанда ковидке байланысты карантин 2027 жылғы қаңтарға дейін ұзартылды

Әзербайжан аумағында ерекше карантин режимінің қолданылу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Anadolu.

Әзербайжанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы ел премьер-министрі Әли Асадов тиісті қаулы қабылдаған.

Қаулыға сәйкес, ел аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын және одан туындауы мүмкін салдардың алдын алу мақсатында республикадағы ерекше карантин режимінің қолданылу мерзімі 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін ұзартылды.

Бұған дейін күздің келуімен жөтел, дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы және әлсіздікке қатысты шағымдар көбейетіні хабарланған болатын. Кейбір адамдар мұны тұмау деп санаса, енді бірі COVID-19 қайта өршіді деп алаңдайды. Алайда мамандар тыныс жолдарының инфекцияларындағы белгілердің ұқсастығына байланысты ауруды тек симптомдарына қарап анықтау қиын екенін атап өтеді.