Нью-Йоркте 11 қыркүйектегі теракт құрбандарының тағы бірінің жеке басы 25 жылдан кейін анықталды. Бұл үшін алғаш рет сот-генетикалық генеалогия әдісі қолданылды, деп хабарлайды ABC телеарнасына сілтеме жасаған astana24.com .
Егде жастағы әйел Дүниежүзілік сауда орталығындағы ресми түрде сәйкестендірілген 1 654-ші құрбан екенін анықталды. Оның отбасы марқұмның аты-жөнін жариялаудан бас тартты.
Бұл әдіс ДНҚ талдауын отбасылық шежірені зерттеумен біріктірді. Ол 11 қыркүйектегі теракт кезінде қаза тапқан адамды анықтау үшін алғаш рет пайдаланылды.
"Бұл – үлкен жетістік. 25 жыл ішінде алғаш рет Дүниежүзілік сауда орталығының құрбандарын анықтау жұмыстарына жаңа әдістерді қолдандық", – деді Нью-Йорктің бас сот-медициналық сарапшысы Джейсон Грэм.
Сот антропологы Дженнифер Одиеннің айтуынша, қазіргі таңда генетикалық генеалогия арқылы сәйкестендіруге болатын 47 ДНҚ профилі бар.
Оқиғадан соң ғасыр өтсе де, Дүниежүзілік сауда орталығының 1 100-ге жуық құрбаны әлі күнге дейін анықталмаған күйі қалып отыр.
"Бұл жұмысқа жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі – отбасылар алдындағы міндеттемемізді орындаудың маңызды жолы", – деп атап өтті Грэм.
