in

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

АҚШ сенаты Иранға қарсы соғысты тоқтату туралы қарарды алғаш рет қолдап дауыс берді, деп хабарлайды astana24.com The Washington Post-қа сілтеме жасап.

Сенат сейсенбіде президент Дональд Трамптың Иранға одан әрі шабуыл жасау туралы бұйрық беруіне тыйым салатын қарарды мақұлдап дауыс берді.

Бұл – үш айға жуық соғыстан кейін Ақ үйдің ұстанымына сенат қарсы шыққан алғашқы жағдай. Басылым мәліметі бойынша, дауыс беруде демократтарға төрт Республикалық партия өкілдері қосылды.

Сенаторлар соғыс өкілеттіктері туралы қарарды комитеттен шығаруға дауыс берді. Бұл құжатты қолдағандар – 50 заң шығарушы, қарсы шыққандар – 47.

Бұл тек алғашқы қадам екені атап өтілген, Трампты соғысты тоқтатуға мәжбүрлейтін қарар әлі де күрделі кедергілерді жеңуі керек.

Жалпы қақтығыс басталғалы бері сенат осыған ұқсас дауыс беру кезінде бұл құжатты 7 рет қабылдамады.