in

Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті: қаза болған және із-түзсіз жоғалғандар бар

Грекияның Гавдос аралының жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті. 52 адам құтқарылып, 25 адамның із-түзсіз жоғалғаны хабарланды. Сондай-ақ бір адамның қаза болғаны белгілі, деп жазады Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Агенттіктің мәліметінше, бортында кемінде 77 адам болған мигранттар қайығы Грекияның Гавдос аралы маңында аударылып, суға батып кеткен.

Билік 52 адамның құтқарылғанын, тағы кемінде 25 адамның із-түзсіз жоғалғандар қатарында екенін мәлімдеген. Бір адам ес-түссіз күйде табылған.

Құтқару операциясына Грекия жағалау күзеті мен Шекараны және жағалауды қорғау жөніндегі еуропалық агенттіктің (Frontex) бірнеше кемесі, сондай-ақ Грекия Әскери-әуе күштерінің тікұшағы мен Frontex ұшағы қатысқан.

Грекия билігі қайықтың түрі немесе борттағы адамдардың қай елдің азаматтары екені туралы нақты ақпарат бермеген.

Айта кетейік, Гавдос – Ливия теңізінде, Крит аралының оңтүстігінде орналасқан Грекияның ең оңтүстіктегі елді мекені бар арал. Аралдың оңтүстігіндегі су айдыны Солтүстік Африкадан Грекияға бет алған мигранттар үшін маңызды бағытқа айналған.