in

АҚШ өкілдері Иранның бес мұнай танкерін жойғанын мәлімдеді (видео)

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) X желісінде бес ирандық мұнай танкерінің жойылғаны туралы мәлімдеме жасап, видео жариялады, деп хабарлайды astana24.com.

"8 қыркүйекте АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) күштері Иранның бес мұнай танкерін жойды. Бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы соңғы екі күнде америкалық әскери кемеге екі рет баллистикалық зымыранмен шабуыл жасаған болатын", – деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ америкалық әскерилер АҚШ кемесінің шабуылдардан сәтті құтылғанын хабарлады. Әскери қызметкерлер зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Иран Иорданиядағы америкалық базаларға жаппай зымыран соққысын жасаған еді. Сонымен қатар, Ислам революциясы сақшылары корпусы Ормуз бұғазында америкалық су асты ұшқышсыз аппаратын қолға түсіргенін хабарлады.

CENTCOM forces destroyed five Iranian crude oil carriers, Sept. 8, after the Islamic Revolutionary Guard Corps (IRGC) targeted a U.S. Navy warship with ballistic missiles twice over the past two days. The U.S. warship successfully evaded the attempted Iranian attacks and… pic.twitter.com/Gi8a2tloN1— U.S. Central Command (@CENTCOM) September 8, 2026