in

Қыркүйек пе, әлде қыргүйек пе: оқу-ағарту министрі қай нұсқаны қолданатынын айтты

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметте өткен брифингте тоғызыншы айдың атын дұрыс жазуға қатысты желідегі дауға пікір білдірді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігінің бұл жағдайға еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

"Бұл – тілде болып жатқан өзгерістер. Дегенмен бұл мәселе мені де қызықтырды. Материалдарды зерттеп шықтым. 80-жылдардан бастап жазу және айту ережелерін өзгерту бойынша талқылау болған екен.

Алайда мен "қыркүйек" деп жазамын. Мен "к" әрпін қолданамын. 80-жылдардың соңында және кейінірек, 2000-жылдары жүргізілген зерттеулер адамдардың 93 пайызы осы нұсқаны жөн көретінін анықтады", – деді министр.

Оның айтуынша, жалпы алғанда екі нұсқаны да қолдануға болады. Олардың ешқайсысын қате деп айтуға болмайды.