in

Зеленский украиналық делегация АҚШ-та жаңа бейбітшілік жоспарын талқылайтынын мәлімдеді

Украина делегациясы бүгін, 9 қазанда президенттің арнайы өкілдері Кушнер және Уиткоффпен кездесу үшін АҚШ-қа сапар шегеді. Бұл туралы Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды УНИАН-ға сілтеме жасаған astana24.com.

9 және 10 қазанда делегация Трамптың арнайы өкілдерімен Ресеймен арадағы қақтығысты аяқтаудың жаңа жоспары бойынша келіссөздер жүргізеді.

Келіссөздер жүргізетін украиналық топтың құрамына мына тұлғалар кіреді:

Зеленскийдің айтуынша, кездесулер екі күн қатарынан өтеді. Сондай-ақ ол кездесуге еуропалық тарап қосылуы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Мэриленд штатындағы сөзінде Украинадағы қақтығыстың жақын арада аяқталатынын мәлімдеген болатын.