in

Зеленский Ұлыбританияның жаңа премьер-министрімен кездескен алғашқы шетелдік қонақ атанды

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Энди Бернеммен кездесті – ол Бернемнің алғашқы шетелдік қонағы атанды, деп хабарлайды astana24.com DW-ге сілтеме жасап.

Екі көшбасшының кездесуі дүйсенбі, 27 шілдеде, Портсмут қаласындағы әскери-теңіз базасында өтті – олар Корольдік әскери-теңіз флотының HMS Queen Elisabeth ұшақ тасығышын аралап, екі елдің әскери қызметшілерімен кездесті.

Басылымның жазуынша, Ұлыбритания үкіметінің жаңа басшысы өз елі "Украинаны жүз пайыз қолдайтынын" мәлімдеген.

Зеленский бұған жауап ретінде алғыс айтып, Украинаға қонаққа шақырды.

Бернем Украинаға Stone Cloak технологиясын қолдануға құқық беретінін жариялады – бұл жүйе әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) жүйелерінің ұшқышсыз ұшатын аппараттарды анықтауын қиындатады.

Британ тарапының мәліметінше, Украинаға Stone Cloak орнатылған мыңдаған құрылғы жеткізіліп үлгерген.