Армения премьер-министрі Никол Пашинян жақын арада Армения Еуропалық одаққа мүше болуға өтініш беру процесін бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған astana24.com.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2026-2031 жылдарға арналған үкімет бағдарламасын таныстырды.
Ол ЕО-ға кіру мәселесі бойынша референдум өткізу қажеттілігін көтерді. Пашинян бұл мәселені талқылау белгілі бір деңгейге жеткенде референдум өткізу мүмкін болатынын айтты.
"Бұл сұрақтарға жауап беру үшін Армения, ең алдымен, ЕО-ға мүше болуға ресми өтініш беруі керек. Бұл ауқымды жұмысты талап ететін процесс. Біз жақын арада бұл процесті бастаймыз. Кем дегенде, ЕАЭО-дағы әріптестеріміздің үндеуіне құлақ асамыз", – деді Пашинян.
