Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Росфинмониторингтің террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған astana24.com.
Басылымның мәліметінше, бүгін, 30 шілдеде Росфинмониторинг Павел Дуровты экстремистер мен террористер тізіміне қосқан.
"Дуров Павел Валерьевич, 10.10.1984 ж.т., Ленинград қаласы", – делінген тізімде.
Ақпарат агенттігінің дерегінше, Росфинмониторингтің тиісті тізіліміне енген адамдар мен ұйымдарға бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға, желіде ақпарат жариялауға, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, сайлауға қатысуға және салық, жалақы төлеу мен залалды өтеуден басқа кез келген қаржылық қызметтерді пайдалануға тыйым салынады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейде танымал Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша айып тағылғанын жазған едік.
Ресей ФСБ-сы мессенджер әкімшілігін "Украинаның арнайы қызметтері Ресейде терактілер мен жаппай кісі өлтіруге дайындық үшін белсенді пайдаланатын" арналарды, чаттар мен боттарды жоймады деп айыптаған болатын.
