in

"Сандырақ": АҚШ сенаты Иранға қарсы соғыс аяқталғанын айтқан Трампқа сенген жоқ

АҚШ сенатындағы демократтар партиясының өкілі Чак Шумер Х желісінде Трамптың Конгреске жолдаған хатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды astana24.com.

Трамп бұған дейін Конгреске Иранға қарсы әскери операциялардың аяқталғанын мәлімдеп, хат жолдаған еді. Дегенмен, оның сөзінше, америкалық әскери қызметшілер әлі де Таяу Шығыста қала бермек.

"2026 жылдың 7 сәуірінде мен екі аптаға атысты тоқтату туралы бұйрық бердім. Содан бері атысты тоқтату режимі ұзартылды. 2026 жылдың 7 сәуірінен бастап АҚШ пен Иранның қарулы күштері арасында атыс болған жоқ. 2026 жылдың 28 ақпанында басталған әскери іс-қимылдар тоқтатылды", – делінген Трамптың Конгреске жолдаған хатында.

Алайда АҚШ Демократиялық партиясы Трамптың сөзіне сенбеді.

"Бұл – сандырақ. Бұл заңсыз соғыс, ал республикашылдар соғысқа үлес қосып, оның жалғасуына жол берген сайын, өмірге қауіп төніп, хаос күшейіп, бағалар көтеріліп, америкалықтар шығынды өтеп жатыр", – деп жазды Чак Шумер.

Айта кетейік, БАҚ Ирандағы соғыс қарапайым америкалықтардың қалтасына салмақ салып жатқанын жазуда, себебі АҚШ-та жанармай мен азық-түлік бағасы қазіргі уақытта күннен күнге түрде өсіп барады.

Америка кәсіпкерлік институтының бағалауы бойынша, отын мен тыңайтқыш бағасының өсуі әрбір америкалық отбасы үшін – айына 150 доллар (шамамен 70 000 теңге) қосымша шығын.