Қытайдың Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркеліп, салдарынан оннан аса адам қаза тауып, тағы ондаған адам зардап шеккен. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Басылымның жазуынша, "Синьхуа" агенттігі жергілікті төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап, табиғи апат салдарынан кемінде 16 адамның қаза тапқанын мәлім еткен.
"Қытайдың Сицзан (Тибет автономиялық ауданы – ред. ескертпесі) аймағында болған жер сілкінісі салдарынан 16 адам қаза тапты", – делінген жарияланымда.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тағы 46 адам зардап шеккен, оның 11-і ауыр халде жатыр.
Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан 300-ден астам үй қираған.
Билік өкілдері келтірілген шығынды бағалауды жалғастырып, жер сілкінісінің салдарларын жою шараларын қабылдап жатқаны хабарланды.
At least 16 people were killed and 32 injured after a magnitude 7.0 earthquake struck Tibet, China, earlier, with hundreds of homes collapsing. https://t.co/7gDLXhtQ1w— Open Source Intel (@Osint613) October 22, 2026
Sixteen people were killed and 32 others injured after a 7.0-magnitude earthquake struck Baqen County of Nagqu City in southwest China’s Xizang Autonomous Region, according to the city’s emergency management bureau. https://t.co/BERNm8mcXy— China Xinhua News (@XHNews) October 23, 2026
