in

Freedom Bank жинақ ипотеканы және BI Group-пен эксклюзивті серіктестікті іске қосуда

Freedom Bank пен BI Group инвестициялық-құрылыс холдингі Freedom Inside ауқымды ивентінің аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестер банк клиенттеріне жинақ-тұрғын ипотекасы аясында тұрғын жылжымайтын мүлікті сату кезінде ұсынылатын эксклюзивті шарттар туралы келісімге келді.

Freedom Bank пен BI Group-тың жаңа өнімі клиенттерге жылдық 5% (ЖТСМ 5,1%) мөлшерлемесімен, 30%-дан бастап 50%-ға дейін бастапқы жарнасымен бастапқы тұрғын үйді сатып алуға жеке тұлғалардың тұрғын үй-құрылыс жинақ ақшаларының тетігін пайдаланумен жеңілдігі бар кредит алуға мүмкіндік береді. Қосымша артықшылығы ретінде жылжымайтын мүлік нысандарының цифрлық витринасының жасалуын және BI Group-тан сатуларға басымдықты қолжетімділікті айтып кеткен жөн болар: сатулар басталғаннан кейін алғашқы үш күн ішінде клиенттер Freedom SuperApp қолданбасы арқылы ипотеканы тиімді шарттармен рәсімдей алады.

Freedom Bank ұсынған тұрғын үй-жинақ ипотекасы қалай жұмыс істейді?

Тұрғын үй-жинақ ипотекасы бағдарламасының талаптары бойынша клиенттер 20 жыл мерзіммен, тұрғын үй кредиті бойынша жылдық 10% (ЖТСМ 10,5%) сыйақы мөлшерлемесімен, 30% мөлшерінде бастапқы жарнамен қарызды рәсімдей алады. Бұл ретте алдын ала несие бойынша мөлшерлеме жылдық 10,5%-дан (ЖТСМ 11%) басталады. Алдын ала несие бойынша түпкілікті мөлшерлеме қарыз мерзіміне және депозитті жинақтау мерзіміне байланысты. Егер бастапқы жарнаның мөлшері 50%-ды құрайтын болса, онда тұрғын үй кредиті бойынша мөлшерлеме 25 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 5%-ды (ЖТСМ 5,1%) құрайды. Бұл ретте аралық кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 7%-ды (ЖТСМ 7,2%) құрайды.

Бағдарлама аясында зейнетақы қорланымының артығын бастапқы жарнаны қалыптастырумен қатар, ипотекаға байланған депозитті толықтыруға да пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай жағдайда депозитке ай сайын табыс есептеледі, бұл жинау үдерісін клиенттерге барынша тиімді және табысты қылады.

BI Group-пен жасалған уағдаластықтың аясында Freedom Bank клиенттері Freedom SuperApp қолданбасында келесі әрекеттерді жасай алатын болады:

– BI Group жаңа тұрғын кешендерінің витринасын көру;

– ипотека арқылы және ипотекасыз нарықтағы бастапқы тұрғын үйді (оның ішінде қазаншұңқырдан басталған нысандарда) онлайн сатып алу;

– ипотекалық қарызды ресімдеушілерге BI Group нысандарындағы пәтерлерге бағаны үш күнге комиссиясыз белгілеу;

– BI Group-тың кейбір тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді үш күн ішінде эксклюзивті сатып алу.

Өнімді іске қосу және компаниялар арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

"Біз өнімге әрдайым клиенттің көзімен қараймыз және сатып алу үдерісі барынша оңай әрі ыңғайлы болуына назарымызды аударамыз. Біздің компаниямызда ыңғайлы қаржылық құралдардың көмегімен тұрғын үйді сатып алуға көмектесетін жүйе қалыптасқан , ал Freedom Bank-пен бірге біз тағы бір мүмкіндікті – тиімді ипотекаға және цифрлық рәсімдеуге қолжетімділікті ұсынамыз. Осындай ынтымақтастыққа қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз және бірге тұрғын үй нарығында технологиялар жиынының жаңа деңгейін орнататынымызға сенімдіміз", – деді BI Group Холдингінің атқарушы директоры Ернар Жанәділ.

"Жинақ-тұрғын үй онлайн-ипотека BI Group нысандарына эксклюзивті қолжетімділікпен бірге үйлесімділікте – бұл нарықтағы бірегей және қайталанбас ұсыныс. Біздің классикалық цифрлық ипотекамызбен сияқты біз концептті ұзақ уақыт бойы ойластырдық және нәтижесінде бірнеше негізгі құралдарды біріктірдік: тұрғын үйді сатып алуға ақшаны жоспарлы түрде жинақтау мүмкіндігі, біздің нарық үшін барынша бәсекелі мөлшерлемелер және ыңғайлы онлайн-сервис. Бұл өнім миллиондаған қазақстандықтарға өз баспанасын сатып алуға оңай әрі тиімді жолмен жетуге көмектесетініне сенімдімін", – деп айтты Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жумагулов.

*ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген №1.1.108 лицензиясы, 25.06.2024 ж.

PR құқында