Қазақстанның вице-президентін тағайындау мәселесі жаңа Құрылтай құрылғаннан кейін шешіледі. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Әшімбаевтың айтуынша, бұл мәселелер мемлекет басшысының құзыретіне жатады.
"Жаңа Құрылтай сайланған соң, мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, бұл мәселелер Конституциямызда нақты көрсетілген", – деді Мәулен Әшімбаев сенаттың жалпы отырысынан кейін.
Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтіп, нәтижесінде жаңа Ата Заң қабылданды. Жаңа Конституцияға вице-президент лауазымы енгізілді.
Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлау биыл тамызда өтетінін мәлімдеді.
