in

Сәрсенбіде Қазақстан мегаполистерінде күн 27 градусқа дейін жылынады

Бүгін, 29 сәуірде Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болмақ.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін жетіп, түнде 8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,6 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 27 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.