in

Қазақстанның ірі қалаларының бірінде бүгін жаңбырлы болады

Астана, Алматы мен Шымкентте 23 мамыр күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 17 градус, түнде 10 градус болмақ. Желдің жылдамдығы – 3,1 м/с.

Астанада күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,4 м/с.

Шымкентте бүгін күн ашық. Күндіз термометр бағаны 26 градусты, түнде 14 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 7,0 м/с деңгейінде болмақ.