Астанада өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін елордаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келді, деп хабарлайды astana24.com.
Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі Өзбекстан президентін қалай қарсы алғанын көрсетті.
Еске салсақ, бүгін, 29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтіп жатыр. Оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары қатысып жатыр.
